Тәуелсіздікке 25 жыл: 2002-2004 жылдардағы тарихи шежіре

Тәуелсіздікке 25 жыл: 2002-2004 жылдардағы тарихи шежіре
Фото: elana.kz

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 10 жылда қалай өзгерді? Недей өзгерістер болды? Назарларыңызға 2002-2004 жылдар аралығындағы атаулы оқиғаларды ұсынамыз.

2002 жыл

ҚР Президентінің Жарлығымен ағымдағы жыл Денсаулық жылы болып жарияланды. Бүл халықтың денсаулық сақтау мәдениетін, медицина саласындағы қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға арналған маңызды шешім болды.

4 маусым. Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.

25-26 қыркүйек. Ежелгі  Тараз  қаласының  көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

23-24 қараша. Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.

24-26 қараша. Екінші Еуразиялық Медия Форум (Алматыда) өтті.

Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан – шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды.

«Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 жылы ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. 

2003 жыл

2003-2005 жылдары – «Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды. 

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.

Демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады.

Ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

2004 жыл

Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.

Бұл жыл Ресейдің Қазақстандағы жылы.

13 қаңтар. ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.

Маусым. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттінде «Еуразиялық ықпалдастық: осы заманғы даму үрдістері және жаһандану сынақтары» деген тақырыпта халықаралық форум өтті.

Жылдың маңызды окиғаларының бірі – Парламент Мәжілісінің сайлауы болды. Оған 12 саяси партия қатысып, олардың ішінде төртеуі – екі сайлау блогының құрамасына бірікті.

Ж. Жұмағұлов