Тәуелсіздікке 25 жыл: 2013 жыл тарихи шежіре

Тәуелсіздікке 25 жыл: 2013 жыл тарихи шежіре

Аталмыш 2013 жыл аяғын нық басқан Тәуелсіз мемлекетіміз үшін айтулы жылдардың бірі болды. Осы жылдың тарихи шежіресіне көз жүгіртетін болсақ, саяси маңызды белестерді бағындырудан бөлек, мәдениет шыңдарына да қанат қаққан күндер баршылық.

17 қаңтар – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесу өткізді. 
24 сәуір – Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2050 Стратегиясы: бір халық ел- бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйледі. 
25 сәуір – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XI Еуразиялық медиа-форум жұмысына қатысты. 
23 мамыр – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумының ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. 
21 маусым – ҚР Президенті «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
5 маусым – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Халық тарих толқынында» атты арнайы зерттеу бағдарламасын әзірлеу мен ұлттық тарихты тұтастай зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру қолға алынды. 
23 маусым – Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 2012-2022 жылдардағы Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығының инаугурациясына орай халықаралық форум өтті.
4 шілде – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесер рәсіміне қатысты. 
3 қыркүйек – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылған депутаттық корпустың жаңа қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді.
10 қыркуйек – Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Еуразия XXI ғасырда: Жаңару арқылы көшбасшылық» тақырыбында Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы өтті. 
19 қыркуйек – Қазақстан 2017-2018 жылдары болатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды.
24 қыркүйек – Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі халықаралық «Киношок-2013» кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. 
8 қазан – Көкшетау қаласында қазақтың рухын көтерген Абылайдың 300 жылдық мерейтойы өтті.
18 қазан – Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі өтті. 
21 қазан – «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері өтті. 
25 қазан – Беларусь астанасы – Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер Мемлекет басшыларының кезекті кеңесі болып өтті.
26 қазан – Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде бокстан әлемнің XVII чемпионатының финалдық жекпе-жектері болып өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Қазақстан құрамасының ақтық айқасқа шыққан 4 бірдей мүшесі алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Жалпы, ұлттық команда өзінің тарихында бірінші рет жаһандық жарыста командалық бірінші орынға шықты.
7 қараша – ЭКСПО-2017 көрмесінің ең үздік эскиз-идеясын анықтайтын 105 компания қатысқан халықаралық байқауда АҚШ сәулетшілері ұсынған жоба үздік атанды. Көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясына арналған байқаудың жеңімпазы - Adrian Smith+Gordon Gill Architecture компаниясы.
30 қараша – Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына арналған форум өтті. 
1 желтоқсан – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елі» монументі алаңында «Эко такси» қалалық такси паркі инвестициялық жобасының тұсаукесер рәсіміне қатысты. 
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа үлгідегі №1 партиялық билетті тапсырды.
2 желтоқсан – Бүкіл елімізде «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалпыұлттық таныстырылымы болып өтті.
12 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылдың ақпан айында Сочи қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында жеңімпаз немесе жүлдегер атанатын қазақстандық спортшыларға берілетін жүлделер қорын бекітті.

А. Оралқызы