Тәуелсіздікке 25 жыл: 2012 жыл тарихи шежіре

Тәуелсіздікке 25 жыл: 2012 жыл тарихи шежіре

Тәуелсіздік басқа да жылдары сияқты 2012 жыл да еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Осы жылғы сайлау жеңімпаздары форумында «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев:«Құрметті отандастар! Бұл біздің ортақ жеңісіміз, барша Қазақстан халқының жеңісі. Дауыс берудің қорытындылары қазақстандықтардың елімізді дамытуға, экономика мен саясатты жаңғыртуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған біздің бағытымызды қолдайтынын білдіреді. Халық қоғамдағы бірлік, өзара түсіністік пен толеранттылық үшін, партияның нақты ісі мен бағдарламасы үшін дауыс берді», - деп мемлекеттің ұстанып отырған саясаты көптің көңілінен шыққанына жоғары баға беріп, сайлауда қолдау көрсеткен барша халыққа алғысын білдірді. Сондай-ақ, 2012 жылы Мәңгілік Ел идеясы ұсынылды.


15 қаңтар - кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.
27 қаңтар – Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
14 наурыз – Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының сарапшылар комиссиясын қабылдады.
26 наурыз – Сеулде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Барак Обама кездесті.
18 сәуір – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев малайзиялық Limkokwing University of Creative Technology университетінің Құрметті докторы атанды.
27 сәуір – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы өтті.
23 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Ердоғанмен кездесті.
31 мамыр – Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылды.
6 маусым – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті.
17 тамыз – Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Қазақстан құрамасы Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды. Президент Олимпиада чемпионы атанған велошабандоз Александр Винокуров, боксшы Серік Сәпиев және ауыр атлет Илья Ильинді «Отан» орденімен марапаттады. Олимпиада чемпиондары Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Ольга Рыпакова II дәрежелі «Барыс» орденіне ие болды. Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, қола жүлдегерлер – балуан Даниял Гаджиев, боксшы Иван Дычко, балуан Гүзел Манюрова, боксшы Марина Вольнова, балуан Ақжүрек Таңатаров «Құрмет» орденімен марапатталды.
29 тамыз – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ядролық сынақтарға тыйым салудан –ядролық қарусыз әлемге!» атты халықаралық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
2 шілде – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жарқын және серпінді дамуын көрсететін «Астана – менің жүрегімде» атты фильмнің тұсаукесерін тамашалады. Қазақстанның кинематографистерімен бірлесіп түсірілген фильмнің авторлары – Егор Михалков-Кончаловский мен Алексей Голубев.
4 шілде – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хазірет Сұлтан» мешітінің ашылу рәсіміне қатысты. Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт – 5 мың адамға арналған, мұсылман мерекесі кезінде оған 10 мыңға дейін адам сияды. Жаңа мешіт – қазақ халқының рухани байлығы мен ұлылығын айшықтайды және елорданың әдемі сәулет ғимараттарының бірі.
27 шілде – Қазақстан Президенті Букингем сарайында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесті.
13 қыркүйек – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак «Балқаш ЖЭС» құрылысын іске қосудың салтанатты рәсіміне қатысты.
5 қазан – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.
14 қараша – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» болып жарияланды.
22 қараша – Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеттері өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында Астана қаласы ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болып, жеңімпаз атанды. Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме – 2017 жылы өтеді.
14 желтоқсан – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығарды.

А. Оралқызы