Батырхан Шүкенов әндерін ең үздік орындаушылар байқауы жарияланды

Батырхан Шүкенов әндерін ең үздік орындаушылар байқауы жарияланды
Фото: Өмірбек Сансызбай

Батырхан Шүкенов атындағы қор әртіс әндерін орындаушыларға байқау жариялады. Бұл туралы қайтыс болған әншінің жақын досы әрі бұрынғы  арт-директоры Олжас Байқанов өзінің Фейсбук парақшасында хабарлады.

О.Байқанов 2015 жылы мамыр айында құрылған Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры.

Батырхан Шүкенов әндерін ең үздік орындаушылар байқауы 2015 жылы 1 қазан мен 5 қараша күндері аралығында өтеді. Оған кез келген ел азаматы қатыса алады. Қатысушылар жасына шектеу қойылмаған. Музыкалық білімі болуы міндетті емес.

Байқау жеңімпазы 2015 жылы 25 қарашада Алматы қаласында өтетін Батырхан Шүкеновті еске алу концертіне қатыса алады.

Қатысушылар өз жұмыстарын remember.batyr@gmail.com мекенжайына жолдай алады.

Дерек көзі: inform.kz

@. @assel_assanova