Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Мәңгілік ел / Көзайым / Жетісу өңірінің жеті мекені

Жетісу өңірінің жеті мекені

Жетісу өңірінің жеті мекені

Төрт мезгілдің төресі көктем мезгілінің алғашқы айының аяқталуына жақын қалды. Күн жылынып, табиғат жаңарған шақта адам ағзасы таза ауадағы демалысты қалайды. Еңбек демалысын я кезекті саяхатты шетелдерде өткізуді қалтасы көтермейтін жандар алысқа бармай-ақ, демалыс күндерін Алматы қаласы мен облысының ең көрікті мекендерінде өткізе алады. Назараларыңызға жер жәннаты Жетісу өңірінің жеті мекенін ұсынамыз.

Тұйық су шатқалы


Шымбұлақ тау шаңғы шипажайынан биік, теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте орналасқан. Жаны жаяу жүруді жақсы көретін жандар таудағы мұздыққа көтеріліп, күнге қарай ұмтылса болады. Тұйық суда жайлы қонақүйлер мен демалыс үйлері бар.

Үлкен Алматы көлі

Теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан. Алматы қаласынан көлікпен 1,5 сағатта, жаяу 3 сағатта жетуге болады. Бұл жақта ғашық жандар көп шоғырланатын космостанция бар. Ғашық жандар обсерваторияда қонып, айлы түнде жұлдыз санап, таң атқызады.

Ипподром

Алматы қаласында бірнеше ипподром бар. Ипподром қызметкерлері атқа салт мініп жүруден дәріс бере алады. Сондай-ақ, бұл жақта ат жарыстарын бақылауға болады. Аттарды жалға алып, демалысты жайлы әрі пайдалы етіп өткізуге болады.

Іле өзені

Жер жәннаты Жетісу өңірінің ең әдемі мекендерінің бірі - Іле өзенінің жағалауы. Аспан астындағы  көне мұражай болып саналатын Тамғалы Тас шатқалында балық аулап, қайықпен жүзіп, таза ауамен тыныстай аласыз. «Көшпенділер», «Мың бала» сияқты тарихи фильмдердің түсірілім жұмыстары Іле жағалауында өткен. Кинода пайдаланған макеттер әлі күнге дейін сақтаулы.

Шарын шатқалы

Алматы қаласынан 4 сағатта жетуге болатын шатқалдың табиғаты кім-кімді болса да, өзіне баурап алады. Кейбір деректерге сүйенсек, мұндай шатқалдар әлем бойынша үш елде бар: Америкадағы Колорадо, Тәжікстан құзы және Алматы облысындағы Шарын шатқалы. Шатқалға жылдың кез келген маусымында баруға болады. Тек жаз мезгілінде ауа-райы өте ыстық болады. Сондықтан да, шатқалға сәуір, мамыр және қыркүйек айларында барған жөн.

Түрген шатқалы

Шатқал сарқырамаларымен өте танымал. Страус құстарын өсіретін ферма мен форель шаруашылығы бар. Сарқырамаға жаяу көтерілуге болады. Ал жаяу жүргенді ұнатпайтын жандар сарқырамаға көтерілу үшін атты жалға алса болады. Аттарды жалға алу 400-500 теңгені құрайды.

Көлсай

Қазақстанның ең көрікті мекендерінің қатарындағы Көлсай тауында үш көл бар. Табиғаты әсем, ауасы шипа, суы дәру жерге өзге елдерден туристер көп ағылады. Көлсай тауларының етегінде киіз үйлер тігілген. Көл айдынында қайықпен жүзіп, тартымды табиғат аясында демалуға болады.

Суреттер: myfoto.kz, voxpopuli.kz

17296 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 29 наурыз 2012, 15:30
Пікірлер
+0
29 наурыз 2012, 17:27

Осылардың арасынан Көлсай мен Шарында болмадым. Қатты барғым келеді!

+0
29 наурыз 2012, 23:41

Сания, мен де Шарында болмадым. Сауірде барайық. :)

+0
29 наурыз 2012, 17:36

Шарынға 2,5 сағаттақ жетіп барасың :)

+0
30 наурыз 2012, 00:08

қызық да, біз Алматыға барып бәрін көргіміз кеп тұрады, ал Алматылықтар Шарын түгіл Медеуге қашан барғандарын ұмытып қалған шығар, ал бізде маңайымызда көп кереметтілік болмағанмен он жыл Астанада тұрып бірде Бәйтерекке көтерілмегендер бар)))))))))

+0
30 наурыз 2012, 09:18

Аты аталған жерлердің бәрінде болдым. Тек Тұйық суда ғана бала күнімде болғанмын, Есімде еміс-еміс қалыпты.

+0
02 сәуір 2012, 16:10

мен ешқайсысына да бармаған екем :oops:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...