"Нұр Әлем" сферасындағы жаңажылдық демалыс

"Нұр Әлем" сферасындағы жаңажылдық демалыс

Жаңа жыл мерекесінің құрметіне орай, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында "Нұр Әлем" сферасы қонақтарды сағат 10:00-21:00 аралығында күтеді. Бұл мереке күндері елорда тұрғындары мен қонақтары билеттерді 50% жеңілдікпен сатып ала алады.

Келушілер қызық интерактив қондырғыларды, болашақтың технологияларын, ғарыштық өнертабыстарды және тағы басқаларын көре алады.

Сонымен қатар, "Нұр Әлем" қонақтарды жаңа экспонаттармен қуантады. Жиырмадан астам экспозиция баламалы энергия көздері саласындағы заманауи жасыл технологиялар мен инновациялық әзірлемелердің үлгілері саналатын "Үздік тәжірибе аймағы" және Тақырыптық павильондардан көшірілген. Олардың қатарында "Әлем және энергия" кинетикалық мүсіні – біріктірілген әсерлері бар таңғаларлық жарқын шоу, “Ақылды қала” жарық LED көрінісі, Solar Impulse моделі – күн энергиясы қуатымен ұшатын ұшақ бар.

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы аналарға және 6 жасқа дейінгі балаларға сфераға кіру тегін.

Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО көрме кешенінің аумағында мұз айдыны ашылды. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін конькилерді жалға беру, автокөлік иелері үшін жер асты паркингі және сақтау камералары қарастырылған. Мұз айдынының жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

Massaget.kz