Алматыда құнды деректер цифрлы форматқа көшіріліп жатыр

Алматыда құнды деректер цифрлы форматқа көшіріліп жатыр
Фото: indeep.be

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын міндетті деп бірінші болып қолға алған Алматыдағы Ұлттық кітапхана қордағы құжаттардың 40 пайызын сандық форматқа көшіріп үлгерген. Қазір арнайы орталық жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Тұңғыш Президент мұрағаты да құжаттарды сандық жүйеге көшіріп жатыр.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында алдағы 4 жылда Қазақстандағы интернет пайдаланушылар үлесін 78 пайызға дейін көтеріліп, Қазақстан халқын эфирлік телехабарлармен қамту 95 пайызға жетіп және халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80 пайызға дейін көтеру мәселелері қаралауы керек.

Осы мақсатта Алматыдағы Тұңғыш Президент мұрағатында соңғы үш жылда 42 мың тарихи құжат сандық жүйеге көшірілген. Мұндағы асты мақсат – құнды деректердің ғұмырын ұзарту. Өйткені шаң басқан қағаздар жыл өткен сайын сарғайып, ескіріп барады.

ҚР Тұңғыш Президенті мұрағатының сарапшысы Айгерім Сыдықова "Еліміздегі тарихи немесе басқа да деректерден сыр шерттетін құжаттарды заман талабына сай электронды жүйеге көшіріп жатырмыз. Бұл ғылыми жұмыспен айналысатын жастарға қолжетімді болады", - дейді.

Ал Ұлттық кітапхана заманауи әрі тиімді әдісті 2000 жылы бастап кеткен көрінеді. 2013 жылы арнайы орталық ашылған. Мұнда, сонымен қатар, әлемде алты елде ғана бар құрылғы «үлкен форматты байланыссыз сканер» орнатылған. Бұнымен көлемі ауқымды құжаттар көшіріледі екен.

ҚР Ұлттық кітапханасы сандық технологиялар қызметінің жетекшісі Айгүл Иманбаева "Фирдаусидің "Шахнамасы", 12-18 ғасырдағы "Құран", парсы тіліндегі қолжазбалар, Әбілғазының "Хандар шежіресі", алғашқы шыққан қазақтың мерзімді басылымдары "Қазақ", "Еңбекші қазақ", "Социалды Қазақстан газеттері көшіріліп, цифрланды.

Ендігі мақсат – «Қазақфильмнің» алтын қорындағы кинотуындыларды сандық жүйеге көшіру ісі қолға алу болмақ. Кино майталмандары бұл еліміздің мәдениетін, көркем туындыларын ғаламтор арқылы әлемге танылуына жол ашатынын айтады. 

Г. Берік