Шымкентте 10 секундта шұлық тоқитын зауыт ашылмақ

Шымкентте 10 секундта шұлық тоқитын зауыт ашылмақ
Фото: totulpentrumiri.ro

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент ел тұрғындарын тағы бір жаңалығымен қуантатын болды. Жыл соңына дейін шаһарда шұлық тоқитын зауыт іске қосылмақ.

Мұнда өнім  кореялық машиналарда тоқылады. Жоспар бойынша 240 тігін машинасы әкеліну керек болса, бүгінде оның 60-ы жеткізілген. «Әлем-БТ» ЖШС зауытында бір шұлықты тоқуға небәрі 10-ақ секунд уақыт жұмсалатын көрінеді. 

Бүгін Шымкентте өткен "Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар" – Mashtex 2015" I халықаралық көрмесінде зауыт қызметкерлері шұлықтың тоқылу процесін көпшілікке көрсетті. Айта кетейік, аталған көрме ертең де жалғасады. Көрмеде қазақстандық тауарөндірушілерден бөлек aКорея, Польша, Ресей, Түркия және Украина сынды елдердің өндіріс орындары өз өнімдерін ұсынуда.

Дереккөз: Rgmedia.kz

Е. Жұмабайұлы