Қызылордада жарық диодты шамдар шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Қызылордада жарық диодты шамдар шығаратын кәсіпорын іске қосылды
Фото: phys.org

Конституция күні қарсаңында Қызылорда облысында жарық диодты шамдар шығаратын кәсіпорын ашылды, - деп хабарлады 24.kz порталының тілшісі.

Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан жобаның құны 98 миллион теңге шамасында. Жалағаш ауданындағы «Серпін» өндірістік аумағында орналасқан зауыт жылына 30 мың данадан астам шам шығаруға қауқарлы. Өндіріс ошағы 1 айда 2 мың дана кеңсе және 300 дана көше шамын әзірлейді. Сонымен қатар 300 дана ірі жарықтандырғыш прожектор құрастыра алады. Зауыт өнімдері қуат көзін 3 есеге дейін үнемдейді және ұзаққа жарамды. Қазір Жалағаштың ең үлкен көшесі осы диодты шамдармен жарықтандырылған. Кәсіпорын толық қуатты жұмыс істеген уақытта қызметкерлер саны 35-ке жеткізіледі деп отыр зауыт басшылығы.

@. @assel_assanova