Қытайда қазақстандық азық-түлікке сұраныс көп

Қытайда қазақстандық азық-түлікке сұраныс көп
Фото: mimi-gallery.com

Елімізден кірген азық-түлікті Қытайдың кең нарығына шығару үшін кейбір аймақтарға қазақстандық кәсіпкерлерге жеңілдік жасалған. Бұл туралы Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметі хабарлады.

Шоколат, бал, макарон, май, минералды су. Еліміздің дүкендерінде самсып тұратын отандық өнімдерге көп қытайлық зәру. Көпшілік бұл заттарды елімізден тапсырыспен алдыртады.

Шыңжаңдық «Шаттық» сауда бірлестігінің басшысы, қандасымыз Расул Садудың айтуынша қазақстандық тауарға қытайлықтардың қызығушылығы күннен күнге артып келеді.

Өз өнімін қалың елге танытамын деген қазақстандық кәсіпкер бес жылға базардағы орнын ақысыз алады. Сонымен қатар, түрлі салықтан босатылады.

Қытай тек азық-түлік емес, қандай да болсын өнімнің ең ірі тұтынушысы. Мамандардың айтуынша, Қазақстаның көршімізге құны жүздеген миллиард долларға тартатын 70-тен астам түрлі өнім экспорттауға мүмкіндігі бар.

Н. Айдархан