«28 Панфиловшылар» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

«28 Панфиловшылар» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

Мамырдың 3 жұлдызы сағат 11:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Ұлы Отан соғысының жетпіс екі жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігінің, «Казахфильм» АҚ ұйымдастыруымен «28 Панфиловшылар» (реж. А.Шальопа) фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. 

Аталмыш фильм жауынгерлеріміздің ерлігін мәңгілік естен шығармау мақсатында «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» деген ұранмен еңбек және соғыс ардагерлеріне арналып қойылады. 

Кинотуындыда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орта Азиялық әскери орталықта (Алматы қ.) генерал-майор Панфилов Иван Васильевичтің басшылығымен құрылған 316-атқыштар дивизиясының Мәскеу түбіндегі ерлігі баяндалады. Бұл фильмнің көрсетілімі соғыс және еңбек ардагерлерін құрмет тұтумен қатар, өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді нығайта түседі деген сенімдеміз. 

Естеріңізге сала кетейік, «28 Панфиловшылар» фильмі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Ресей мәдениет министрлігінің қолдауымен түсірілген болатын.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Алатау дәстүрлі өнер театры». 
Мекен-жайы: Алғабас-1, 6-үй. Т. Рысқұлов және Б. Момышұлы көшелерінің қилысы.  

М. Ақан