Эксперимент: Жастар ақша үшін не істеуге дайын

Эксперимент: Жастар ақша үшін не істеуге дайын
Фото: youtube

Қазақстандық WSC pranks жобасының авторлары атышулы әлеуметтік эксперименттің жалғасын түсірді. Олар жұмыс сұрап келушілерге "бай және егде адамдарға қызмет көрсетуді" ұсынды. Ролик пранкерлерлдің YouTube сайтындағы арнасында жарияланды.

Пранкерлер жігіттерге "жастардың ортасын қызық көретін" егде әйелдермен жұмыс істейтіндерін айтты. Ал жұмыс іздеп келген қыздарға "жасы үлкен ықпалды ер адамдармен" жұмыс істеуді ұсынды. Сонымен қатар пранкерлер оларға "200 мың теңге және одан жоғары" жалақы берілетінін айтып, "барлығының құпия болатынын" жеткізді.

Роликте бес адаммен болған әңгіме бейнеленген. Дегенмен экспериментке нақты неше адамның қатысқаны белгісіз. "Біз ешкімді кінәраттамаймыз, шешімді өздеріңіз қабылдаңыздар", − делінген видео жазбада.

 Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін