Пранкерлер студенттерге оңай ақша табу жолын ұсынды

Пранкерлер студенттерге оңай ақша табу жолын ұсынды
Фото: tengrinews.kz

WSC pranks пранкерлері Астана студенттеріне есірткі тасымалымен айналысып, пәтерден мәйіт алып шығу арқылы ақша табуды ұсынып көрді. Видеоны жоба авторлары YouTube видеохостингіне жариялады.

Алғашында пранкерлер пәтерлеріне суденттерді шақырып, сөмкені белгілі бір мекенжайға апарып тастауды ұсынды. Ақысына 200, 300 немесе 400 доллар төленетінін жеткізді. Дегенмен жастардың ешқайсысы оңай ақша табуға келісе қойған жоқ.

Екіншісінде студенттерге қалтаға оралған "мәйітті" пәтерден шығарып, 200 долларға ауруханаға апаруды ұсынылды. Кадрдан "босс", оның "көмекшісі" мен "мейірбикені" көруге болады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін