Павлодарлық Мадина Батық "Қазақстан аруы-2019" атанды

Павлодарлық Мадина Батық "Қазақстан аруы-2019" атанды
Фото: @Тұрар Қазанғапов

Павлодарлық 19 жастағы Мадина Батық "Қазақстан аруы-2019" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мадина Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде туризм мамандығы бойынша білім алып жатыр. Жеңіл атлетика және фитнеспен айналысады. Болашақта әлемнің бүкіл еліне барып қайтуды армандайды.

Айта кетейік, байқау жеңімпазы 3 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлдеге, Парижде шопинг жасауға, жарнамалық келісімшарттар мен "Әлем аруы-2019" байқауына қатысу құқығына ие болды.

- Мамандығым бойынша оқуды жалғастырамын. Қазақстандағы туризмді дамытамын. Расында да өте бақыттымын, оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жеңіске жетемін деп ойламадым. Бала кезімнен "Қазақстан аруы" атанғым келді. Ендігі мақсатым - "Әлем аруы-2019" байқауында Қазақстан атынан лайықты өнер көрсету. Қазақстан атынан қатысу мен үшін үлкен құрмет", - деді Мадина журналистерге берген сұхбатында.

Үшінші вице-ару атағын Нұр-Сұлтан атынан қатысқан Сания Мерғалиева жеңіп алды, ал семейлік Надежда Недосекова екінші вице-ару атанды. Алматылық Диана Әбішева бірінші вице-ару атағын жеңіп алды. 

Н. Үсенова