Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді
Фото: tengrinews.kz

ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының міндетін атқарады. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы және "Нұр Отан" партиясының төрағасы болып қала береді.

Мәлімдеме республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді.

Н. Үсенова