Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 2-4 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері аяздың беті қайтады.

- Қазақстанға Кар теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42 градусқа дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22 градусқа дейін кезекті температураның төмендеуін тудырады. Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон, жексенбіде аяздың әлсіреуін, сондай-ақ қар жауу, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады, - дейді "Қазгидромет" өкілдері. 

Н. Үсенова