Қазақстан ТМД-ның Туризм кеңесіне жетекшілік етеді

Қазақстан ТМД-ның Туризм кеңесіне жетекшілік етеді
Фото: казинформ

ТМД елдерінің туризм жөніндегі кеңесінің басшылығына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Майнюра Мурзамадиева сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Майнюра Саветовна сізді ТМД-ға мүше мемлекеттердің Туризм жөніндегі кеңесі төрайымы қызметіне кірісуіңізбен құттықтаймыз», - деп мәлім етті Тәжікстанның Туризмді дамыту жөніндегі комитетінің басшысы Нумон Абдуғафорзода кеңестің Душанбеде өткен отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстан төрағалық ететін  туризм кеңесі алдағы жылдары ТМД елдерінің туризмді дамыту жөніндегі диалог алаңы ретінде қызмет етпек. 2016- 2018 жылдар аралығында туризм жөніндегі кеңеске Ресейдің Мәдениет министрінің орынбасары Алла Манилова жетекшілік етті.

А. Қажиев