"Жұлдыз FM" - Қазақстандағы ең үздік аймақтық радиостанция

"Жұлдыз FM" - Қазақстандағы ең үздік аймақтық радиостанция
Фото: Tengrinews.kz

Алматыдағы "Жұлдыз FM" радиостанциясы "Үркер 2018" сыйлығында Қазақстанның үздік аймақтық радиостанциясы деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз үшін бұл марапатты иелену күтпеген жағдай болды. Шын мәнінде, "Қазақстанның ең үздік радиостанциясы" аталымында жеңеміз деп ойлап едік, бірақ үздік аймақтық радиостанция атандық. Барлық үлкен жетістік алда деп ойлаймын. Батыр Қазыбаев, Жан Қастеев, Мадина Уморбекова, Сергей Майбородаға және әріптестеріме зор алғыс білдіремін. Менің ойымша, бұл біздің ортақ, ұжымдық жеңісіміз. Біз сүйікті "Жұлдыз FM" радиостанциямыз үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп әсерін бөлісті радионың бағдарламалар директоры, радиожүргізуші Жасұлан Қали.

"Жұлдыз FM" радиосы қазақ тілінде жоғары сапалы мазмұнды контент ұсынады, жастардың құндылығын қамтамасыз етуге және ақпарат ағынында дұрыс бағытты таңдауға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, "Үздік фото" номинациясы бойынша  Tengrinews.kz фотографы Тұрар Қазанғапов марапатқа ие болды. Сонымен қатар, "Үздік сараптама материал" номинациясында "Казахстанская правда" газетінің журналисі Әсел Мұқанова, "Үздік халықаралық сараптама материал" номинациясында Central Asia басылымының тілшісі Сәуле Исабаева жеңімпаз атанды, "Үздік репортаж" номинациясында "Today.kz" сайтының тілшісі Илья Астахов марапатталды.

Биыл "Үркер" сыйлығында "Үздік вайн" атты жаңа номинация пайда болды, оның жеңімпазы танымал "Безумная женщина" Instagram-арнасының авторы Нұрлан Батыров жеңіп алды.

"Қазақ газеттері" журналисі Ғалым Омарханов "Астананың 20 жылдығына арналған үздік материал" номинациясын жеңіп алды. "Қазақстан туралы үздік танымдық материал" жазған Yvision блогері Яков Федоров атанды.

Қазылар алқасының шешімімен "Үздік Сұхбат" наминациясын "Айқын" басылымының тілшісі  Гүлзип Бектасова алған, "Үздік журналистік тергеу"- "Время" газетінің тілшісі Асқар Джалдиновқа берілді. Сондай-ақ, "Экономика және қаржы туралы ең үздік материал" номинациясында "Капитал" газеті жеңіске жетті . "Ең үздік республикалық басылым" биыл "Егемен Қазақстан" газет деп танылды. "Үздік аймақтық баспа" номинациясында "Жетісу" газеті жеңіп алды.

"Үздік интернет-БАҚ" деп, "Үркер 2018" нұсқасы бойынша, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық сайты таңдалды.

Әріптестерімізді мәртебелі марапаттарымен құттықтаймыз!

Н. Үсенова