«Eurasian Book Fair-2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

«Eurasian Book Fair-2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
Фото: facebook.com

2017 жылы 15-18 маусым аралығында, Астана қаласында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастырушылық қолдауымен «Eurasian Book Fair-2017» II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. 

Көрмеге ТМД, Еуропа, Азия елдерінің баспалары, кітап саудасы ұйымдары, полиграфиялық компаниялар мен мәдени және оқу орталықтары қатысады. 

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі де қатар өтетіндіктен шетелдік әріптестер тарапынан кітап көрмесіне деген қызығушылық пен сұраныс күннен-күнге артып келеді. Аталған ірі шараға 120-ға жуық халықаралық ұйым мен әлемнің 20-дан аса елі қатысады деп жоспарлануда. 

Көрменің мәдени және іскерлік бағдарламасында әр түрлі шаралар: ғылыми-тәжірибелік конференциялар, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер, мәдениет, ғылым және білім саласындағы танымал қайраткерлермен кездесулер, форумдар мен конкурстар жоспарланған. Қ.Салғараұлы, М.Жолдасбеков, испан ақыны Х.Х.Падрон, С.Рахметұлы, Қ.Мұхамбетқали, Д.Кәпұлы және т.б. отандық және шетелдік жазушылар кітаптарының тұсаукесері өтеді.  

Ж. Жұмағұлов