Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Алматыда жол ақысы қымбаттауы мүмкін

Алматыда жол ақысы қымбаттауы мүмкін

Алматыда жол ақысы қымбаттауы мүмкін

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру үшін сараланған тариф енгізілуі мүмкін. «Көлік туралы» заңға өзгерістерді енгізу мәселесі Парламент Мәжілісінде бекітілген, деп жазады Массагет порталы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. Құжат сенатор қарауына жіберілген.

"Оңай" картасы бар азаматтарға уайымдаудың қажеті жоқ, олар үшін жол ақысы сол баяғыша 80 теңге болып қала бермек. Ал қолма-қол ақша төлейтіндер үшін билет құны 120 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Жаңа тариф бір реттік жол ақысын төлеп бірнеше бағытқа тегін қатынайтындарға қатысты болмақ. 

"Бізде қазір 2-ақ түрі бар. Не сіз 80 теңгеден карточканы аласыз, не сіз пенсионер, оқушы болсаңыз, жеңілдетілген 1 айлық жол жүру картасын аласыз. Енді қазір сіз қоғамдық көлікті жиі қолданбайтын болсаңыз, көрсетілген 10 жүріс, 50 жүріс дегендей карточка аласыз, 1 жылдың ішінде 10-ақ рет жүрсеңіз, бұл карточка сізге 1 жылға жетеді. 1 айдан кейін күйіп кетпейді", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Тағы бір жаңашылдық – қоғамдық көлікке аз мінетіндер бірнеше рет жол жүру картасына қол жеткізе алады. Демек, айына 5-6 рет автобусқа мінетін болсаңыз, соған сәйкес карта сатып аласыз. Жолаушылар мұндай өзгерістерді жақсы қабылдады. Олардың айтуынша, бұл қолма-қол ақша төлеп, жүргізушіні мазалайтындар қатарын азайтуға  сеп болады. 

Осылайша, қала билігі тұрғындардың «Оңай» картасын көптеп қолдануына септігін тигізбек. Демек, бұл жүйе екі тарапқа да тиімді – жолаушылар қосымша 40 теңге төлемейді, ал тасымалдаушылар көлеңкелі табыстарын жасыра алмайды. Жаңа тарифтің нақ қашан енгізілетіні әзірге белгісіз. Құжат толық мақұлданғаннан кейін, өзгертулер мен толықтыруларды жергілікті мәслихат бекітетін болады.

223 0
Рейтинг: +2

Фото: bnews.kz
Қосылған күні: 19 сәуір, 15:01
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...