Ахмет Байтұрсынұлы оқулары шақырады

Ахмет Байтұрсынұлы оқулары шақырады
Фото: e-history.kz

2017 жылдың 9 сәуірі күні сағат 12:00-де ҚР Ұлттық кітапханасындағы Е.Тұрсынов кинозалында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Қамшы» ақпараттық порталының қолдауымен «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы өткізетін «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» атты І республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауының салтанатты насихат шарасы өтеді.

Шараға:

* Ерден Задаұлы Қажыбек (А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры),

* Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов (М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры),

* Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев (Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті),

* Жанат Тұрарұлы Сейдуманов (ҚР Ұлттық кітапханасының директоры),

* Райхан Сахыбекқызы Имаханбет (А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры),

* Айман Байсалова (Ахмет Байтұрсынұлының жиен немересі),

* Темірхан Тебегенов (филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры),

* Ғарифолла Әнес («Арыс» қорының президенті),

* Біләл Қуаныш («Қамшы» порталының басшысы),

* Гүлжаһан Орда (филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі)

* Өмірхан Әбдіманұлы (филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры),

* Жамал Айтқалиқызы Манкеева (филология ғылымдарының докторы, профессор),

* «Қаламгер азамат» жас журналистер қорының басшысы Айдар Қырықбай, ЖОО профессорлары мен оқытушылары, білім алушылары шақырылып отыр.

Шара барысында «Алдаспан» этно-рок тобы, Талғат Әбуғазы (дәстүрлі әнші), «Айғаным» би ансамблі, жас күйші, композитор Ғаламат Бисеқожаев т.б. әншілер мен күйшілер өнер көрсетеді.

Ж. Жұмағұлов