Мырзакелді Кемелдің 5 томдық «Кемел» кітабының тұсаукесері өтеді

Мырзакелді Кемелдің 5 томдық «Кемел» кітабының тұсаукесері өтеді
Фото: vk.com

2017 жылғы 27 наурыз, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзакелді Кемелдің танымдық көсемсөздік еңбектері және аудармаларынан құрастырылған «Кемел» атты әлем философиясының 5 томдық жауһарының тұсаукесері өтеді.

Мырзакелді Кемел руханият саласында 10 кітап шығарған, олардың ішінде өзі жазған ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық-көсемсөздік еңбектерге қоса, қытай ақылмандары Лао Цзы мен Конфуцийді, испан пәлсапашысы Бальтасар Грасиан, ежелгі үрім және грек ақылмандарының афоризмдерін, қазіргі ілімдерді насихаттаушы Луиза Хей, бүгінгі күннің ең атақты жазушыларының бірі Пауло Коэлъолардың таңдаулы еңбектерін қазақ тілше тәржімалаған. «Дүние» және «Экология и устойчивое развитие» журналдарын шығаруға. «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған.

Тұсаукесер шараға Қазақстан Жазушылар одағының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай сынды ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысады.

Ж. Жұмағұлов