Жастар коворкинг орталығы ашылды

Жастар коворкинг орталығы ашылды
Фото: Zhastarcongress

Жастар – қоғамның қозғаушы күші және әрбір ортаның дамып жетілуі, дәл осы, жастардың көмегімен жүзеге асады.

Әсіресе, еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, білім алып, еңбек етіп жүрген жастардың басын қосып отырған Алматыны Жастар қаласы деп атауға толық негіз бар.

Алматы жастарының өз мүмкіндіктерін толық пайдалану, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Алматы қаласының Жастар конгрессі» «Студенттер Альянсымен» бірлесе отырып, «Moskvа Metropolitan» сауда орталығында Жастар коворкинг орталығын ашты.

Ұйымдастырушылар «Алматы қаласының жастарына бос уақытын тиімді пайдалануға тигізген әсеріміз – Жастар саясатын дамытуға қосқан өз үлесіміз» деп санайды.

Жастар коворкинг орталығы – жастар өкілдері мен жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі. Әлеуметтік жоба аясында жастар үшін барлық жағдай жасалған. Бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобалардың (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік сыныптар, тренингтер, English club т.б.) жүзеге асуына тиімді орталық болып табылады.

Аталған әлеуметтік жоба шеңберінде жастарға берілген мүмкіндіктер мол деп санаймыз.

М. Ақан