Димаш қатысатын "I am singer 2017" ән байқауының кестесі

Димаш қатысатын "I am singer 2017" ән байқауының кестесі
Фото: 24.kz

Қытай елінде өтіп жатқан "I Am a Singer 2017" ән байқауында еліміздің атынан Димаш Құдайбергенов өнер көрсетіп, дүйім жұртты ерекше өнерімен тәнті етті. Димаш байқаудың 1-кезеңінде француз әншісі Грегори Лемаршальдың "SOS d'un terrien en detresse" әнін орындап, жеңімпаз атанған болатын. Ал, 2-кезеңде Витастың әйгілі "Опера-2" әнін Витастан 4 модуляция, 2 тон жоғары орындап, тағы да жеңіске жетті.

Байқау 14 кезеңнен тұрады. Оның екеуі өз мәресіне жетті. Алда әлі 12 кезең бар. "Баласы бәйгеде шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады" демекші, Димаштың әр шыққанын тағатсыздана күтетін жұртшылық үшін байқау кестесін жариялауды жөн көрдік. 

Сонымен, "I Am a Singer 2017" байқауының кестесі:

1. 21 қаңтар, 2017

2. 28 қаңтар, 2017 

3. 4 ақпан, 2017 

4. 18 ақпан, 2017 

5. 25 ақпан, 2017 

6. 4 наурыз, 2017 

7. 11 наурыз, 2017 

8. 18 наурыз, 2017 

9. 25 наурыз, 2017 

10. 1 сәуір, 2017 

11. 8 сәуір, 2017 

12. 15 сәуір, 2017 

13. 22 сәуір, 2017 (ТІКЕЛЕЙ ЭФИР)

14. 29 сәуір, 2017 Финал  (ТІКЕЛЕЙ ЭФИР)

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергенов бұл ән байқауының ең жас қатысушысы саналады.

Ж. Жұмағұлов