Дүйсенбі күні елдің басым өңірін тұман басады

Дүйсенбі күні елдің басым өңірін тұман басады
Фото: cs8.pikabu.ru

9 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде  ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз күн райы сақталады, жауын-шашын жауады. 

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел  күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман,  15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Атырау облысының жекелеген жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, түнде 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с күшпен соққан желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде жаяу бұрқасын жүреді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады, кей жерлерді тұман басады.

Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағаңды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, түнде Манғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік