Қарағандылық полицейлер қардан арнайы машина жасап шығарды

Қарағандылық полицейлер қардан арнайы машина жасап шығарды
Фото: inform.kz

Қарағанды облысы ІІД полиция қызметкерлері мен олардың балаларына арнап  жаңажылдық мереке ұйымдастырды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Түрлі конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Арнайы жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері қардан жасалған мүсіндер байқауының  жеңімпазы атанды.

Олар жол полициясы машинасын жасап шығарды. Балалар үшін ертегілік шоу бағдарлама дайындалды. Жас актерлер де марапаттан құр қалмады.

T. Кіршібаев