АКМ-ның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды

АКМ-ның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды
Фото: mic.gov.kz

Бүгін «Қазмедиа орталығында» ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар  және мемлекеттік қызметтер көрсету саласын дамыту мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті, - деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібіне сәйкес кеңес мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша министрліктің атқарып жатқан жұмысын талқылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҮЕАҚ қызметі жеке мәселе ретінде қаралып, ұйымның даму перспективалары туралы баяндама жасалды.

Сондай-ақ отырыста кеңес мүшелерінің онлайн режимде құжаттардың жобаларымен жұмыс істеуі үшін әзірленген ақпараттық жүйесі таныстырылды. Ол онлайн-чат жүргізуге, жария талқылуға жарияланған құжаттарға түзетулер мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, отырыста мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің негізгі тәсілдемелері, БАҚ-тың қызметіне тариф белгілеу жөніндегі зерттеу нәтижелері, министрліктің келесі жылға арналған жұмыс жоспары, сондай-ақ кеңес мүшесі ҚР АКМ Байланыс және информатика академиясын құру тақырыбындағы баяндамасы ұсынылды.

T. Кіршібаев