Әскерилер балалар үйі мен қарттар үйіне барды

Әскерилер балалар үйі мен қарттар үйіне барды
Фото: mod.gov.kz

41321 әскери бөлімінің жеке құрамы Сабыр Қазыбаев атындағы Атырау қалалық мектеп-интернатына барды. Әскери қызметшілер балалармен патриотизм туралы әңгімелесіп, спорттық байқау өткізіп, тәрбиеленушілерге ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту етті, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Біз балалар үйіне үнемі шын ниетімізбен, жүрек қалауымен барамыз. Мұнда тұрып жатқан балалар ыстық ықылас пен қолдауға мұқтаж», - деп бөлім командирі подполковник Бауыржан Жұмағұлов атап өтті. Әскери қызметшілердің айтуынша, олар балалар үйіне барып, тәрбиеленушілермен қауышып тұратындарына әрқашан дән риза. Балалар да оларды құшақ жая қарсы алады.

Одан басқа, бөлім жеке құрамы қарттар үйіне арналған облыстық интернат үйіне барды. Мұнда 120-ға жуық адам тұрады. Оларға 41321 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әртүрлі көмек көрсетеді. Бөлім офицерлері мен сержанттары қария әжейлер мен аталардың хал-жағдайын сұрастырып, шаруашылық бойынша қолұшын созады. Аумақты тазалайды, күркелер мен орындықтарды жөндейді, бау-бақшаның жерін қазады. Бұл жолы олар мекеме аумағында тазарту жұмыстарын жүргізді.

Егде жастағы адамдарға, ата-анасының мейіріміне зәру балаларға қамқорлық танытудың маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері тұрақты түрде әртүрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға тырысады. Олар балалар үйі мен жалпы білім беру мекемелеріне, қарттар үйіне, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шефтік көмек көрсетіп тұрады.

T. Кіршібаев