Биыл Президент жарлығымен мемлекеттік марапатқа 136 алматылық ұсынылды

Биыл Президент жарлығымен мемлекеттік марапатқа 136 алматылық ұсынылды
Фото: almaty.gov.kz

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында Мемлект басшысының Жарлығына сәйкес еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттар тапсырылды.

Алматы әкімі өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Тәуелсіздігі мен жетістіктері заманауи мемлекеттің негізін қалаушы әрі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің барлық жылдары ішінде іргетасымызды қатайтып, бірлік пен келісім аясында «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын дамыта отырып, азаматтық ұқсастық негізінде болашаққа нық қадам басудамыз. Президенттің салиқалы саясатының басты мақсаты - қарапайым қазақстандықтарға барынша қолдау көрсету және оны тұрақты жүргізу. Егемендік жылдары Қазақстан экономикасы 24 есе, ал азаматтар табысы 20 еседен аса өсті. Елімізге тікелей инвестиция ретінде 255 м иллиардтан астам АҚШ  тартылды», - деді Б.Байбек.

Мемлекет басшысының бұл шешімдері - кемеңгер көрегендіктің, түрлі процесстерге терең түсіністікпен қараудың, ең бастысы, ел мүддесін ойлаудың нәтижесі. Соның жарқын мысалы - ядролық қарудан бас тарту, Семей полигонын жабу.

«Біз үнемі «Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп зор мақтанышпен айтамыз Өйткені, біздің қалада тарихи шешімдер қабылданып, Конституция, Мемлекеттік рәміздер, ұлттық валюта бекітілді. Алматы Қазақстанның даму жолының жарқын көрінісіне айналды. Мегаполис бизнес пен жеке капитал қаласы ретінде қалыптасты, мұнда кәсіпкерлік рух салтанат құрды. Бүгінгі күні қалада өнімнің төрттен бірі шығарылады, шағын және орта бизнес қызметінің сапасы артуда. 10 алматылықтың 7-і шағын және орта бизнес саласында қызмет жасайды. Тәуелсіздік жылдары ішінде қала экономикасы 100 есе өсті, тұрғындардың тұрмыс жағдайы да сапалық жағынан түбірінен өзгерді, орташа жалақы 27есе өсті, ана өлімі 33 есе, ал бала өлімі 2,5 есе азайды. Қала тұрғындарының өмір сүру ғұмыры 75 жастан асты. Бұл- республика бойынша ең жоғары көрсеткіш әрі европалық қалалар деңгейіне сай. Мектеп саны 40%-ға артты, тұрғын үй қоры 2 есе өсіп, 42 млн. шаршы метрге жетті. Көлік инфрақұрылымын дамытуға 500 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Алматы жастар үшін оқуға , жұмыс істеуге және демалуға өте жайлы қалаға айналды. Мегаполисте 137 мың студент білім алуда, бұл қаламыздың болашақ жетістіктерінің негізі болып табылады. Осынау толағай табыстарға Елбасының тұрақты қолдауы арқасында қол жетті», - деді Б.Байбек.

Мегаполис басшысы қазіргі кезде сервисті қаладан «ақылды» қалаға көшуге бастны назар аударылып жатқанын да жеткізді. Ол үшін заманауи технологиялар енгізілуде, сапаға еркеше мән берілуде және тұрғындарға жедел қызметтер көрсетілуде.

«Алматының даму векторының негізгі концепциясы «қала машиналар үшін емес, адамдар үшін» деген қағида. Оның негізгі әлеуеті- қоғамдық көлікті дамыту. Жүргізіліп жатқан реформа көлік шиеленісін төмендетумен қатар эколгиялық жағдайды түбірінен жасқартуға ықпал етеді. Көктемде Жібек жолы көшесінде жүргінші аумағын жасау жөніндегі жұмыстар басталатын болады, Астана алаңы европалық форматта қайта жасалады, 20-да астам саябақтар мен 400 аула абаттандырылады. Қалаға қосылған елді мекендерді дамытуға барынша назар аударылады. Биылғы жылы Алатау және Наурызбай аудандарын дамытуға бюджеттің 60%-ы жұмсалды. Біздің басты міндетіміз – Алматыны әлемнің жайлы қалаларының біріне айналдыру», - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, Президент Жарлығымен биыл мемлекеттік марапатқа 136 алматылық ұсынылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

«Бұл - Елбасының біздің қаламызға деген айрықша ізгі ниеті мен алматылықтардың қала мен барша Қазақстанды одан әрі дамыту жолындағы күнделікті еңбегін бағалауы», - деп қорытындылады сөзін әкім.

Салтанатты шара соңы қаланың шығармашылық ұжымдарының меркелік концертіне ұласты.

T. Кіршібаев