Астанада STEM-білім енгізілуде

Астанада STEM-білім енгізілуде
Фото: park-inno.ru

2016-2017 оқу жылында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Астананың 70 мектебінде «Робототехника» курсы енгізілді, - деп хабарлады Астана қалалық Білім басқармасы.

Аталған курс элективті немесе факультатив курс түрінде оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен енгізілді.

«2017-2018 оқу жылынан бастап курсты барлық оқушылар міндетті түрде оқитын инварианты құрамдасқа айналдыру мүмкіндігі қарастырылуда. Қазіргі уақытта курсты информатика пәнінің мұғалімдері өткізеді, алайда біртіндепжаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің мұғалімдеріне беру жоспарланған. Жаз маусымында 158 информатика мұғалімі Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында оқыту курстарынан өтті», – деп хабарлайды басқармадағылар.

Қазіргі уақытта курстың теориялық бөлігі өткізілуде.

Оқу процесін ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мектептерде арнайы кабинеттер бөліп, оларды робототехника сабағын өткізуге лайықтап жарақтау жоспарланған.

T. Кіршібаев