Астана мен Алматыда ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары ашылды

Астана мен Алматыда ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары ашылды
Фото: expo2017astana.com

10 желтоқсанда Астана қаласы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына тура жарты жыл бұрын іс-шара билеттерін кассаларда сату басталды. Билет кассаларының ашылу салтанаты астаналық «Керуен» СОО-да, «Хан-Шатыр» СОО-да, сондай-ақ «MEGA Park» және «Алматы MEGA Орталығы» СОО-да өтті. Айта кету керек, көрме билеттерін онлайн сату ағымдағы жылы 10 маусымында, яғни көрмеге дейінгі бір жыл бұрын басталған болатын.

 Енді билеттерді тек ресми сайттан ғана емес, сондай-ақ кассалардан тікелей сатып алуға болады. Билеттер құны әртүрлі. Айталық, жұмыс күндері белгілі бір нақты күні кіруге арналған билетінің бағасы 4000 теңге, демалыс күні – 6000 теңгені құрайды. Күні белгіленбеген, яғни ашық даталы  билет 2000 теңгеге қымбат болады. Студенттер, оқушылар, көп балалы аналар және жеңілдік санатына кіретін басқа да қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне 50 пайыз жеңілдікпен кіре алады. Ал соғыс ардагерлеріне, алты жасқа дейінгі балаларға, жетім балаларға, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға – билет тегін. Аталған әлеуметтік топтарға арналған жеңілдік шарттары Көрмені өткізу кезеңінде ғана қолданылады.

«ЭКСПО-2017» билеттерді сату стратегиясы белгілі бір кезеңдерге негізделген. 10 маусымда онлайн-сату, 10 шілдеде туроператорлар үшін ЭКСПО көрмесіне билеттерді сату, 10 тамызда – реселлерлер үшін, ал 1 қыркүйекте субагенттік желі арқылы билеттерді сату басталды. Қазір билеттерді «Қазпошта» бөлімшелерінен, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Marwin/Меломан дүкен желілерінен және сауда-ойын-сауық орталықтарынан, сондай-ақ, Астана және Алматыдағы көрменің ресми билет кассаларынан алуға болады.  10 наурыздан бастап кассалар елдің барлық 14 өңірінде жұмыс жасай бастайды.

Ресми офлайн-сатудың ашылу рәсімі барысында касса келушілеріне арнайы сыйлықтар дайындалды. Алдағы Көрме кассаларының ашылуына Астана мен Алматыда танымал кісілер болды.  ЭКСПО-2017 елшілері олимпиада  чемпионы Александр Винокуров пен қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетов, сондай-ақ белгілі қазақстандық актер мен әншілер келді. Олар билет сатып алып, жанкүйерлеріне қолтаңба таратып, арнайы сұхбат берді.

T. Кіршібаев