Асқар Мамин СҚО кәсіпорындарын аралады

Асқар Мамин СҚО кәсіпорындарын аралады
Фото: sko.gov.kz

ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Асқар Мамин басқарған делегация тобы ең алдымен Петропавл қаласындағы халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалын қайта салу жұмысымен танысты. Аталған жұмыстарды орындауға республика бюджетiнен 1,2 миллиард теңге жұмсалған, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» АҚ директоры Марат Хасеновтың айтуы бойынша, бүгiнгi таңда Петропавл мен Астана қаласына аптасына екi рет ұшақ қатынайды. Жақын арада Алматы қаласына да әуе рейсi ашылады.

«Әуежайды қайта салу жұмыстары аяқталуға жақын. Бiз оны биыл толық ашуды жоспарлап отырмыз. Әуежай қайта салу жұмыстарынан соң, азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарына сай болады. Бүгiнгi таңда әуежай барлық әуе кемелерiн еш кедергiзiс қабылдай алады, жаңғыртылған қону жолағы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келедi», — дедi Марат Хасенов.

Әрi қарай Асқар Мамин «Мұнаймаш» акционерлiк қоғамына барды. Кәсiпорын мұнай өндiру құрылғыларын жобалап, даярлаумен және шығарумен айналысады. Қонақтарды негiзгi цехта саңылаулы бұрғылау сорғыларын дайындау барысымен Басқарма төрағасы Спартак Пушкарев таныстырды.

«Кәсiпорын жоспарлы қуаттылығы бойынша жылына 10 мың сорғы шығарады. Бүгiнгi таңда бiз Қазақстан нарығының 80%-ын қамтып отырмыз. Бiз Ресей Федерациясы мен ТМД елдерiнiң экспортына жұмыс iстеуге тырысамыз. Кәсiпорында 150-ден астам адам жұмыс iстейдi. Бiздiң жалпы тапсырысымыздың құны 2,5 млрд. теңгенi құрады. Бұл былтырғы жылдың көрсеткiшi. 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткiш 3 миллиардқа жеткен болатын», — дедi Спартак Пушкарев.

«Мұнаймаш» АҚ негiзiнен саңылаулы бұрғылау сорғыларын және қосымша қорғаныс құрылғыларын дайындаумен айналысады. Техникалық сипаттамасы бойынша сорғылар әлемдiк үлгiлермен бiрге аталады.

2016 жылдың 10 айы бойынша «Мұнаймаш» АҚ өндiрiс көлемi 1,8 миллиард теңгенi құраған.

Сондай-ақ, Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында делегация тобы заманауи «Green Park» демалыс орнының жабдықталуымен танысты.

«Бүгiнгi таңда келушiлерге мұз айдыны, сырғанау төбешiгi, қарда жүру көлiгi, салт атпен серуендеу, шаңғы мен конькидi жалға беру қызметтерi ұсынылады. Дәмхана да салынуда, оны екi аптадан соң пайдалануға берудi жоспарлап отырмыз. Бассейн салынған. Бiз оны пайдалануға бердiк, дегенмен қыста жұмысын уақытша тоқтатты. Көктемде төбесiн жауып, жабық бассейнге айналдырмақпыз», — дедi «Green Park» демалыс орнының директоры Максим Калинин.

Орта есеппен айына мұнда 1000-1500 адам демалады.

Жұмыс сапарының соңында Асқар Мамин «Радуга» ЖШС-на барды. Компания күнбағыс дәнiн қуырып, қорапқа салумен, сондай-ақ пластмасса өндiрумен айналысады. Шығарылатын өнiмдер жөнiнде ЖШС директоры Дмитрий Шарапаев мәлiмдедi.

«Мұнда 300-ге жуық адам еңбек етедi. Өндiрiс көлемiн арттырудамыз. Бүгiнгi таңда 15 машина жұмыс жасайды, жыл соңына дейiн тағы 10-ын iске қоспақпыз. Өнiмiмiз Қазақстанның барлық өңiрлерi мен Ресей Федерациясының кей облыстарына жеткiзiледi. Ел бойынша 11 филиалымыз бар, тауарлар сондай-ақ Челябинск, Омбы, Қорған облыстарында саудаланады. Сондай-ақ Петропавл қаласында құрғақ таңы ас өндiретiн цех iске қосылған», — дедi Дмитрий Шарапаев.

ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Мамин өндiрiс жұмысының барысымен танысып, дайын өнiм сапасына баға бердi.

T. Кіршібаев