Астанада «Парыз» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Парыз» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Фото: astana.gov.kz
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылы Конкурсқа қатысу үшін Астана қаласының  18 кәсіпкерлік субъектісінен өтінім ұсынылды, оның ішінде мына номинациялар бойынша: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - 6, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - 4, «Үздік ұжымдық шарт» - 5, «Экологияға қосқан үлесі үшін» - 3.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес, Конкурсқа қатысқан елордамыздың кәсіпкерлері ішінен «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «BI HoIding» ЖШС 1-орын, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Amitech Astana ЖШС 3-орын алды.

T. Кіршібаев