«ЭКСПО-2017» көрмесінің билет кассалары ашылады

«ЭКСПО-2017» көрмесінің билет кассалары ашылады
Фото: czechkazach.com

Сенбіде, 2016 жылдың 10 желтоқсанында жергілікті сағат 11.00 Астана мен Алматы қалаларында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билет кассалары ашылады.

Астана қаласы:

1. «Керуен» СОО Көрменің басты тикет кеңсесі;

2. «Хан шатыр» СОО ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассасы.

Алматы қаласы:

1. «MEGA Alma-Ata» СОО ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассасы;

2. «MEGA Park» СОО ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассасы.

Ашылу салтанатына ЭКСПО-2017 көрмесінің Елшілері А.Н.Винокуров – Олимпийский чемпион, велошабандоз, «Аstana Pro Team» велокомандасының бас менеджері, А.А. Аимбетов – қазақстандық ғарышкер, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті, сондай-ақ Бүкіләлемдік банк, Баламалы энергия қауымдастығы, Бүкіләлемдік Болашақ кеңесі өкілдері қатысады.

T. Кіршібаев