Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: mycoweb.narod.ru

"Қазгидромет" РМК 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы күндерге арналған ауа райының болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы үш тәулікте Ресейдің еуропалық аумағынан жылжып келе жатқан терең циклон шығысқа қарай Орал арқылы Батыс Сібірге ауысатын болады. Ал осы циклонмен байланысты болатын, белсенді атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа-райына ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.    

Республиканың батыс және солтүстігінде қар жауып,  боран соғып, күшті батыс желі тұрып – аязды ауа-райы күтіліп отыр. Желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін жетіп, күндізгі температура нөлге жақын, көктайғақ болуы ықтимал.

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, түнгі және таңғы уақыттарда тұман басып, температура күндіз оңтүстікте 2-10 жылы, шығыста 0-7 градус аяз болады.  

Ө. Сансызбай