Н.Нығматулин: Тәуелсіз еліміздің көптеген айшықты оқиғалары Парламент қабырғасында өтті

Н.Нығматулин: Тәуелсіз еліміздің көптеген айшықты оқиғалары Парламент қабырғасында өтті
Фото: Tengrinews.kz

Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздіктің 25-жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» халықаралық конференциясы барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентаризмді қалыптастыру жолында Елбасының рөліне тоқталды.  Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша Қазақстанның заманауи Парламенті әлемдік талапқа сәйкес келе отырып, ұлттық дәстүрмен, ұлттық мәдениетпен, қазақстандықтардың өмір сүру салтымен ерекшеленеді.  

- Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуында барлық демократиялық қайта құрулардың негізгі бастамашысы саналатын Мемлекет Басшысының рөлі айрықша. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық парламентаризм моделінің негізін қалаушы болып табылады,-деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс Төорағасы Тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алатын көптеген маңызды шаралардың Парламент қабырғасында өткендігіне назар аударды. Олардың қатарында Қазақстан астанасын көшіру, Елбасы ұсынысы бойынша бүгінгі күні Кедендік Одақ және Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуымен жүзеге асқан  еуразиялық интеграция идеялары бар.  

Осы жылы Қазақстан ЕАЭО төрағалық етуде.  Осыған байланысты Елбасының бастамасымен 2016 жыл «ЕАЭО-ның үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы» деп жарияланды.

Н. Айдархан