Мамин: Құрық портының паром кешені экономиканың экспорттық-транзиттік әлеуетін нығайтады

Мамин: Құрық портының паром кешені экономиканың экспорттық-транзиттік әлеуетін нығайтады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, Құрық портындағы паром кешенінің құрылысымен танысты.  «Нұрлы жол» бағдарламасының жобасын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асыруда. ҚР бірінші вице-премьерін Құрық портының алғашқы іске қосу кешені нысандары құрылысының аяқталу кезеңі жайлы хабардар етті,- деп хабарлады primeminister.kz.  

Ерсай стансасынан Құрық портына дейін кіреберіс темір жол учаскесіне ұзындығы 1 шақырымнан асатын рельс-шпалды тор салынды.  Топырақ үйінділерімен шпалды бекіту жұмыстары аяқталды. 4,3 млн. м3 көлемінде жерді ою жұмыстары  жүзеге асырылды. Батыс жақтағы қоршау құрылысы аяқталды. Оған 400 мың тонна кесек тас жұмсалды. Кіреберістегі арна мен порт акваториясының түбін тереңдету жұмыстары аяқталды. 10 кВт. сыртқы электрмен жабдықтау желісі салынды. Көтергіш-өтпе  көпірі тұрғызылуда. Құрық портының алғашқы іске қосу кешені келесі жылдың аяғында пайдалануға енгізіледі.

null

- Құрық портындағы паром кешені Транскаспий халықаралық көліктік маршруттың көлік-логистикалық жүйесінің маңызды буыны болып табылады. Ол Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға қуатты серпін береді және «Жаңа Жібек жолы» жобасын іске асыруға ықпал ететін болады», - деді Мәмин. Паром кешені тәулігіне 5 паромға қызмет көрсетіп,  жылына 1 млн тонна көлемінде жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Дереккөз: inform.kz

О. Сансызбай