«Рахат» Универсиаданы 8,5 тоннадан астам кондитерлік өніммен қамтамасыз етеді

«Рахат» Универсиаданы 8,5 тоннадан астам кондитерлік өніммен қамтамасыз етеді
Фото: almaty2017.com

Алматыда ірі кондитерлік өнімдерді шығарушы «Рахат» АҚ мен 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру мен өткізу дирекциясы МҚ ынтымақтастық туралы келісімге келді. Соның негізінде аталған компания Универсиаданы 8,5 тонна шоколад, вафли және печеньямен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Универсиаданың ресми сайтында жарияланды.

Баспасөз-конференция барысында 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу дирекциясы МҚ директорының орынбасары Камила Лұқпанова, спорттық дода алдында қазақстандық компаниялардың жан-жақты қолдауы аса маңызды екенін жеткізді.

«Біз бүгін Қазақстандағы айтулы кондитерлік компания саналатын «Рахатпенен» антымақтастық орнатып жатырмыз. Шетелдік спортшылар Универсиада аяқталғаннан соң, Отандарына осы компанияның өнімдері шоколад пен кәмпиттерді өзімен бірге арқалап кетеді», - деп ойлаймыз деді Камила Лұқпанова.

«Қазақстан» шоколады «На здоровье» печеньясында халықаралық қысқы ойындардың логотипі енгізіледі. Бұл туралы «Рахат» АҚ-ның қаржы және экономика бойынша директоры Зәуреш Төлеубаева хабарлады. Бұдан бөлек, «Рахат» компаниясы Универсиада қатысушыларына өзге де кондитерлік өнімдерін ұсынатын болады. Ол берген мәлімет бойынша, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 8,5 тонна шоколад, вафли және печенья берілетін болады.

«Рахат» компаниясы үшін Алматы мен бүкіл Қазақстан үшін маңызды шара саналатын Универсиадаға атсалысып жатқаны үлкен мәртебе. Біздің компания Универсиада қатысушылары мен қонақтарына демеушілік көмек ретінде 8,5 тонна өнім ұсынатын болады», - деді Зәуреш Төлеубаева.

Айта кету керек, 2 мың кондитерлік өнімдер 2017 жылғы Универсиадаға қатысушыларға Атлеттер қалашығында тамақтану кезінде пайдаланылады. Ал қалған бөлігі Универсиаданың спорттық нысандарында, ресми шараларда, конференцияларда және де т.б жерлерде қолданылады.

T. Кіршібаев