Терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезектi отырысы өттi

Терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезектi отырысы өттi
Фото: bnews.kz

Бүгiн Ақмола облысында аймақ басшысы С. Кулагиннiң төрағалығымен облыс әкiмдiгiнiң жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезектi отырысы өттi. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жиналыс барысында облыстағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу бойынша жүргiзiп жатқан жұмыстары мен аудандардағы дiни жағдай барысы және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Басқосуға Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы терроризге қарсы күрес комиссиясының мүшелерi, облыстың қалалары мен аудандары әкiмдiктерiнiң жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссияларының төрағалары, мемлекеттiк мекемелер мен үкiметтiк емес ұжымдардың басшылары, облыс әкiмi аппаратының жауапты қызметкерлерi мен БАҚ өкiлдерi қатысты.

Күн тәртiбiндегi негiзгi мәселе бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Н. Нұркенов баяндама оқыды.

«Облыс аумағында 121 мешiт жұмыс iстейдi, оларда бүгiнгi күнi 77 имам мен молдалар еңбек етуде. 17 мешiтте маман жетiспейдi. Осы себептен ауылдық жерлердiң 6 имамы 2 және одан да көп мешiттерде өз қызметтерiн жүзеге асыруға мәжбүр. Бүгiнгi күнi Ақмола облысы орыс тiлдi молдалар мен әйел жамағатпен жұмыс iстейтiн нәзiк жанды дiни қызметкерлерге зәру.

Бұл мәселелер Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетiнiң студенттерiмен келiсiлген үш жақты меморандумдар аясында шешiлуде. Бүгiнгi күнi аталмыш оқу орнының 14 түлегi бiздiң өңiрде еңбек етiп жүр. Оларға мемлекет тарапынан әлеуметтiк қолдау көрсету мәселесi де бiздiң назарымызда.

Атап өту керек, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетiнiң үш студентi Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы стипендия иегерлерi, — дедi Н. Нұркенов.

Сондай-ақ, басқосу барысында аудандардағы дiни жағдай туралы жиналғандарға Степногорск қаласының және Целиноград ауданының әкiмдерi баяндап бердi.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкiмi тұрғындардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар мен насихат жұмыстарын тұрақты жүргiзiп отыруды әрi қарай жалғастыру қажеттiгiн тапсырды.

 

T. Кіршібаев