2016 жылдың соңына дейін Ақтауда жаңа логистикалық орталық іске қосылады

2016 жылдың соңына дейін Ақтауда жаңа логистикалық орталық іске қосылады
Фото: primeminister.kz

Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың соңына дейін «Azersun Holding» компаниясының логистикалық орталығы пайдалануға беріледі, деп хабарлады Маңғыстау облысы индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрбек Қарасаев ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

«Бірінші және екінші бесжылдықтың индустриалды картасын қалыптастыру аясында өңірге инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. ҮИИДМБ шеңберінде 2010-2014 жылдары Индустриализация картасының 33 жобасы іске асырылды. Аталған жобалардағы инвестициялардың жалпы сомасы 218,8 млрд теңгені құрады. 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылды», - деп хабарлады Н. Қарасаев.

Оның айтуынша, өңірлік индустриализация картасының екінші бесжылдығы 24 жобадан тұрады. Инвестициялардың жалпы сомасы – 144,5 млрд теңге. Осы жобалардың жүзеге асырылуы 1900-ден астам жаңа жұмыс орындарының ашылуын көздейді.

Сондай-ақ, өңірдің индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының хабарлауынша, 2015 жылы 44,1 млрд теңге инвестицияларға 10 жоба пайдалануға беріліп, 618 жұмыс орны ашылған. 2016 жылы жалпы сомасы 85,8 млрд теңгеге 10 жобаны іске қосып, 628 жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Бүгінгі таңда олардың 4 жобасы пайдалануға берілген.

Бұл теңіз портын солтүстікке кеңейту, «Тенарис» италиялық трансұлттық компаниясының мұнай сұрыптамасының құбырларына жоғарғы санатты бұрандалы қосылысты кесу бойынша зауыт құрылысының жобасы, әзірбайжандық «Azersun Holding» компаниясының өндірісі мен логистика орталығының құрылыс жобасы және «ҚазАзот» ЖШС өндірістік қуаттарын жаңғыртудың бірінші кезеңі.

«2017 жылы жалпы сомасы 9,2 млрд теңгеге үш жаңа жобаны іске қосып, 545 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. 2018 жылы – 5,4 млрд теңгеге бір жоба мен 120 жұмыс орнын ашу жоспарда бар», - деді ол.

Бұдан өзге, ағымдағы жылдан бастап облыс әкімдігі инвестициларды тарту жұмыстарын жүйелендіру үшін, «Маңғыстау кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС жанынан Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру туралы шешім қабылдады. Бұл шетелдік инвесторлармен қоса, жергілікті бизнес өкілдерімен де жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Н. Қарасаевтың айтуынша, «Azerun Holding» логистика орталығының жылына 1000 тоннаға дейін көкөністер мен жемістерді ұнтақтауға күші жетеді. Ол Ақтау портының аумағында орналасқан, тоңазытқыш камералары бар, 3 айға дейін жемістер сақталатын сақтау камералары бар заманауи түрдегі үлкен  қойма.

Паром кешенінің құрылысы белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күні нысанындардың құрылысы үшін барлық алаңдар дайын тұр. Көптеген алаңдарда жер жұмыстары аяқталған.

Дереккөз: primeminister.kz

T. Кіршібаев