Қызылорда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Қызылорда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Фото: zherbakylau.e-kyzylorda.gov.kz

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жастар ресурстық орталығы  Павлодар облысының жұмыс берушілер делегациясымен бірлесіп, қаладағы жұмыссыз жүрген азаматтарға  «Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары туралы» жәрмеңке ұйымдастырды, деп хабарлайды жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ықпалымен осы уақытқа дейін 3221 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі: ол қалада ай сайын «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізу болып отыр. 

Бүгін  «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» Павлодар облысы бойынша 39 мекемеден алдын ала 222 бос орындарға сұраныстар келіп түсті.  Оның ішінде: мал дәрігері, малшы, құрылысшылар, механизаторлар, агрономдар, күзетшілер, жүргізушілер (комбайн, КамАЗ), аспазшы, зоотехник, қойма меңгерушісі, токарь, дәнекерлеуші, электрик, бухгалтер, мұғалімдер (ағылшын тілі, физика), лаборант, экономист бар.

Сонымен қатар, қаладағы 14 мекемеден алдын ала 128 бос орынға сұраныстар келіп түсті, оның ішінде: мұғалім (бастауыш, орыс тілі пәні мұғалімі), тәрбиеші (орыс бөлімшесі), дәрігерлер (окулист, акушер-гинеколог, терапевт, педиатр, инфекционист, втизиатр, психиатр, провизор, реаниматолог, рентгонолог, тіс дәрігері), кондуктор, кассир, слесарь, электрик және агроном.

Дереккөз: inform.kz

T. Кіршібаев