Енді Бразилияға 30 күн бойы визасыз кіре аласыз

Енді Бразилияға 30 күн бойы визасыз кіре аласыз
Фото: dicastudo.com.br

Қазақстандықтар Бразилияға 30 күн бойы визасыз кіре алады.

СІМ-де сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Бразилияның Қазақстандағы елшісі Деметрио Буэно Карвальо екі ел арасында азаматтардың визасыз жүру құқығын беретін құжатқа қол қойды. Келісім бойынша қазақстандықтар Бразилияда 30 күн бойы визасыз жүре алады. 

Айта кетейік, 5 тамызда бұл елдегі Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп, жарыстар 21 тамызға дейін созылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы