Еліміздің басым аумағында жауын жауып, жел күшейеді

Еліміздің басым аумағында жауын жауып, жел күшейеді
Фото: cdn.attackofthecute.com

Республиканың басым аумағында атмсофералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды,  жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында күн ашық.

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде және  таңертең тұман түсіп, жел соғады. Ақмола облысының кей аудандарын тұман басады, жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел күшейіп, бұршақ түседі деп күтілуде. Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы  15-20 м/с дейін барады. Қостанай өңірінде тұман түседі.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде  аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының  кейбір ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: bnews.kz

Е. Жұмабайұлы