Жаздың басында кейбір өңірде 38-41 градус ыстық болады

Жаздың басында  кейбір өңірде 38-41 градус ыстық болады
Фото: massagetkz

Қазақстанның басым бөлігінде жаз аптап ыстықпен басталады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Синоптиктер 31 мамыр-2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазақстанның оңтүстігінде жаз 30-35 градус, кей жерлерде 38-41 градусқа дейінгі температурамен басталады. Бұл климаттық нормадан 5-10 градусқа жоғары",  деді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, еліміздің басқа аумақғында Батыс Сібірден келетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, жекелеген аудандарда бұршақ күтіледі. "Ауа температурасы әдеттегі осы мезгілге тән температурадан 1-3 градусқа төмен болады",  делінген хабарламада.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

С. Ерсін