«Жетісу» стадионындағы таблоны жел ұшырып кетті (фото)

«Жетісу» стадионындағы таблоны жел ұшырып кетті (фото)
Фото: vk.com

Талдықорғандағы дауылды жел қала тұрғындарына елеулі шығын келтірді. Бірнеше ғимараттардың шатыры ұшып, ағаштар құлаған. Сондай-ақ «Жетісу» футбол клубының стадионындағы таблоны да ұшырып кеткен.

Аяқ астынан келген дауылдың кесірінен автокөліктер де зақымдалған. Жарнама бағандары мен электр бағандары да құлаған. Қазіргі таңда облыс орталығының тұрғындары дауыл кезіндегі суреттерді әлеуметтік желілерге жариялап жатыр.

Ө. Сансызбай