ТЖД – қауіпсіз балалық шақ үшін

ТЖД – қауіпсіз балалық шақ үшін
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Оқыс жағдай кезінде тууы мүмкін қайғылы оқиғаны елестету қиын. Балалардың денсаулығына титтей де бір қатер келуіне жол бермеу – тәрбиешілер мен Алматы қаласының ТЖД қызметкерлерінің ең басты міндеттерінің бірі, олардың іс-әрекеттері ұдайы оқу-жаттығулар мен әңгіме-сұхбатдарда пысықталып жүр.

«ТЖД – қауіпсіз балалық шақ үшін» науқаны шеңберінде Алматы қаласы ТЖД Жетісу ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері №17 балабақшада қауіпсіздік күнін өткізді.

Шараның барысында мектепке дейінгі мекеменің мәжіліс залында өрт қауіпсідігінің ережелері бойынша әңгіме-сұхбат өтті. ТЖД қызметкерлері тәрбиешілермен бірге тұрмыстағы газ жабдығын, электр құралдарын, сонымен бірге компьютерлік техниканы пайдаланған кезінде өрт қауіпсідігінің ережелерін еске салып, жеке қауіпсіздік тақырыбы бойынша балаларға оқу фильмдер мен мультфильмдерді көрсетті.

Жазғы маусымда балалар қараусыз қалатынын ескере отырып, ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлері отпен, сіріңкемен, оттық шақпақпен және басқа да жеңілтұтанғыш заттармен ойындар қандай жағдайларға әкеп соқтыратынын түсіндірді. Аяқ астынан кесапатқа тап болмау үшін балаларға бақшада және үйде тұтану ошағы туындаған кезінде жүріп-тұру ережелерін түсіндіріп, жедел қызметтердің телефон нөмірлерін айтты.

«ТЖ қызметкерлері профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлді, ол жұмыс қатердің алдын алуға бағытталған, сондықтан судағы қауіпсіздік туралы маусым басталмай тұрып жүргізіледі. Балаларға ерекше көңіл бөлінеді, себебі су апаты туса оларды қорғау қиын. Біз бүгін балаларға су айдындарындағы және жағалаудағы демалыстың негізгі ережелерін айтып түсіндірдік»– деді №17 «Айгөлек» балабақшасы ересектер тобының тәрбиешісі Ж.М.Тұрысбекова.

Алматы қаласының
ТЖД баспасөз қызметі

@. @assel_assanova