«Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы анықталды

«Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы анықталды
Фото: ektu.kz

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында 25-ші "Жас қанат" республикалық конкурсының финалында Семей қаласының атынан қатысқан Парасат Отан  бас бәйгені қанжығасына байлады.

22 жастаға жас өнерпаз ерекше даусымен 349 ұпаймен озып шықты. Ал екінші орынды қарағандылық «Үш жүз» тобы еншілесе, үшінші орын Оралдан келген жас орындаушы Айбек Дәулетқалиевке бұйырды. 

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы жылы байқау жеңімпазын Көкшетау қаласының атынан қатысқан Ринат Теміржан иеленген болатын.

О. Сансызбай