Елбасы қазақстандықтарды 1 мамыр - Бірлік күнімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды 1 мамыр - Бірлік күнімен құттықтады
Фото: tengrinews.kz

Алматының  «Астана»  алаңында 1  мамыр - Бірлік күніне орай мерекелік концерт өтіп жатыр. Сахнада түрлі этномəдени бірлестіктер мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетуде.

Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

«Құрметті, халқым!  Бүгінгі Бірлік күні құтты болсын. Қазақ халқы осы бірлігінің арқасында хандық құрды. Елін қорғады, жерін сақтап қалды. Алматыда жарияланған Тəуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтпекпіз. Алғашқы 8 жылда ел болып қаламыз ба деген үлкен сұрақ тұрды. Экономикамызды 20 есеге ұлғайттық. Қазір көшеге шықсаңыздар, басқа ел, басқа мемлекет, басқа адамдар. Осының бəрі - ел бірлігінің арқасы»,- деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы мəдениет ұжымдарының мерекелік концертін тамашалады. Көрермендер алдында Мəдина Садуақасова, «Музарт», Ерболат Құдайбергенов, Дильназ Ахмадиева өнер көрсетті.

Дереккөз: inform.kz

Н. Үсенова