Ауа райы: Таяу күндері 5 градусқа дейін суық болады

Ауа райы: Таяу күндері 5 градусқа дейін суық болады
Фото: massagetkz

Синоптиктер таяу күндері ауа райының тосын мінез танытатынын ескертті. Синоптиктер 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы жылжыған салқын атмосфералық фронттар, еліміздің көптеген облысына жауын-шашын, солтүстікке сулы қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарына күшті жауын-шашын алып келеді.

"Атмосфералық фронттардың артынан Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарымен қалыптасқан антициклон жылжып келеді. Осыған байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде температураның төмендеуі күтіледі. Түнде 0-5 градус суық, күндіз 0-8 градус жылы, оңтүстік жартысында түнде 0-8 градус жылы, ал күндіз 8-15 градус жылы болады", − дейді метеорологтар.

Айта кетейік, мұндай температура орташа көпжылдық мәнге жақын және кей жерлерде 1-3 градусқа төмен болады дегенді білдіреді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін