Қазақстанда сайлаушылардың 77,1 пайызы дауыс берді

Қазақстанда сайлаушылардың 77,1 пайызы дауыс берді
Фото: www.dalanews.kz

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындыларын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды. ОСК шетелде Қазақстан өкілдіктерінің жанында құрылған 65 сайлау учаскесі бойынша деректерсіз сайлаушылардың келуі туралы жедел мәліметтерді ұсынды. Олардан мәліметтер кешірек түседі.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларынан келіп түскен хабарлар бойынша тізімдерге енгізілген 9 миллион 810 мың 920 сайлаушылардың, 7 миллион 564 мың 281-і сайлау бюллетеньдерін алды.

Сайлаушылардың келуі жалпы республика бойынша 77,1 пайызды құрады. Өңірлер бойынша көрініс келесідей:

Ақмола облысы бойынша - 79,68 %;

Ақтөбе облысы бойынша - 80,26 %;

Алматы облысы бойынша - 94,06 %;

Атырау облысы бойынша - 85,37 %;

Батыс Қазақстан облысы бойынша - 73,68 %;

Жамбыл облысы бойынша - 82,66 %;

Қарағанды облысы бойынша - 78,83 %;

Қостанай облысы бойынша - 84,85 %;

Қызылорда облысы бойынша - 81,75 %;

Маңғыстау облысы бойынша - 75,91 %;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 85,06 %;

Павлодар облысы бойынша - 72,85 %;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 81,57 %;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 82,44 %;

Астана қаласы бойынша – 74,65 %;

Алматы қаласы бойынша - 34,1 %.

"Бүгінгі дауыс беру барысында сайлаушылар белсенділігінің деңгейі өте жоғары болғанын атап көрсетеміз. Бұл Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі соңғы сайлау науқандарының ішіндегі рекордтық көрсеткіш" - деп атап көрсетті Ортсайлауком басшысы.

Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің барлығында сайлаушылардың дауыстарын санау жүргізіліп жатыр.

Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты, санау басталған сәттен бастап 12 сағаттан аспауы тиіс. 

Ө. Сансызбай